"Қартайып кеткен": Дина Төреәлі күйеуі екеуі отбасылық мәселелерді қалай шешетінін айтты
Жарияланған күні:
Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, күйеуі екеуі келіспеушіліктерді қалай шешетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, отбасылық өміріне қатысты сырын айтып қойды. Блогер ару отбасында туындайтын мәселелер көп жағдайда қалай шешілетінін түсіндірді.
"Мен кінәлі болсам да, кінәлі болмасам да күйеуім шешеді. Шамалы қартайып кеткен ғой. Байқамадыңыздар ма", - деп жауап берді желі жұлдызы.
Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреәлі мектептен кейін жоғары оқу орнына не себепті түспегенін айтқан болатын.
Сонымен қатар Төреғалидің қарындасы табысы жайлы сөз қозғап, ата-анасының мүлдем ақша алмайтынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104824-qartaiyp-ketken-dina-toreali-kuieui-ekeui-otbasylyq-maselelerdi-qalai-sheshetinin-aitty/