Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Raim-ның шаруасы": Ерке Есмахан не себепті дайын үй сатып алмағанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, бүгінде жер үйінің құрылысы қалай жүріп жатқанын айтып берді. Өнер иесі не себепті дайын үй сатып алмағанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында оқырмандары жолдаған бірқатар хатқа жауап беріп, жаңа үйінің құрылысы туралы айтты.

"Таудың бөктеріндегі вилламыздың жұмыстарын қарап қайттық. Аллаға шүкір. Күйеуім жер үйге көшеміз деп мәз", - деп жазды әнші.

Өнер иесі не себепті дайын үй сатып алмағанын былай деп түсіндірді:

"Дайын үйлер талғамымызға сай келмеді. Сондықтан жолдасым салдырып жатыр. Бұл үйді де өзіміз салып жатқан жоқпыз. Ақшасын берсең фирма үйді дайын қылып береді екен ғой. Сондай рахат. Заттарыңды алып, тек кіре қоясың. Әйтеуір жүйке жүйем орнында тұр. Үйдің сұлуы менің шаруам, ал жылуы Raim-ның шаруасы", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2104920-raim-nyng-sharuasy-erke-esmahan-ne-sebepti-daiyn-ui-satyp-almaganyn-tusindirdi/