Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме сенімді болдым": Балжан Бидаш балалы бола алмай жүрген кезі туралы айтты

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Видеодан кадр : OZMZғой бағдарламасы

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған кезін еске алып, балалы бола алмағанына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл жағдайға аса қатты уайымдамағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш балалы бола алмай жүргеніне өзге әйелдер секілді қатты алаңдап, күйзеліске түсіп кетпегенін жеткізді. Әнші жан сырын "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтқан.

"Менде өзімде сенімділік болды. Болады ғой бұйыртса деп жүре бердім. "Бала болады ғой, әлі жаспын" деген сияқты. Өзіме сенімді болдым. Сол сенімділіктің арқасында менде күйзеліс, теріс қарап жылау, уайымдау деген сияқты сезім болған жоқ. Басында "жұғысты болсын" деп сыйлықтар бергенде қуанып қалатынмын. Кейіннен ел алдында бергенде жағымсыз бола бастады", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105049-ozime-senimdi-boldym-balzhan-bidash-balaly-bola-almai-zhurgen-kezi-turaly-aitty/