Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Бадықова "Жылдың үздік актрисасы" атанды

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/ dariga_badykova

Отандық актриса Дариға Бадықова "Жылдың үздік актрисасы" атанды. Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Дариға Бадықова өзін жақсы көретін көрерменге алғыс айтты.

"Тағы үздікпін. Тілек айтыңыздар. Биыл "2024 жылдың үздік актрисасын" алдым. Мені жақсы көретін көрермендерге рақмет. Жек көретін көрермендерге де рақмет", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік актрисаны құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Тамаша, құтты болсын", "Бағындырар белесіңіз көп болсын", "Еңбегіңіз елене берсін", "Жұлдызыңыз жана берсін", "Мықты қыз", "Жек көре алмаймын-ау, тастамаймын да", "Сені қалай жек көруге болады?", "Еңбек" , - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105052-dariga-badyqova-zhyldyng-uzdik-aktrisasy-atandy/