Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызым екеуміз үшін дұға етіңіздерші": аяғы ауыр Мақпал Исабекова ауруханаға түсті (фото)

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Ай-күні жақындап қалған Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін хабарлап, оқырмандарын уайымдатып қойды. Екінші сәбиіне аяғы ауыр әнші қазіргі жағдайын айтып, көпшіліктен өзі үшін дұға етуін сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Өнер иесі бүгінде дәрігерлер қажетті нәрсенің барлығын істеп жатқанын айтты.

Сонымен қатар әнші екінші сәбиінің жынысын жария етті. Ол қыз баланы күтіп жүр екен.

"Мен босанбадым. Себебі әлі ерте. Қауіп бар деп ауруханаға жатқызып қойды. Қызым екеуміз үшін дұға етіңіздерші. Менің де, оның да жағдайы жақсы болсын деп тілеңіздерші. Дәрігерлер бұл жағдайда қажетті нәрсенің барлығын жасап жатыр. Бәрі жақсы болады", - деп жазды Исабекова.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105097-qyzym-ekeumiz-ushin-duga-etingizdershi-aiagy-auyr-maqpal-isabekova-auruhanaga-tusti-foto/