Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суретке түспей қойды": Дариға Бадықова желіде өзін сынға алған көрерменге жауап берді

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

Талдықорған тұрғыны Сабина Иманбаева отандық танымал актриса Дариға Бадықовадан көңілі қалғанын айтып, желіде оның әрекетін сынға алды. Келіншектің сөзінше, өнер иесі суретке түспей, тәкаппарлық танытқан. Жағдайға қатысты Бадықованың өзі де жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сабина Иманбаева танымал актрисаға деген өкпе-назын Tik-Tok желісі арқылы жеткізген. Ол екеуінің арасындағы даулы оқиғаның мән-жайын баяндап, енді Бадықованың фильмін көруге бармайтынын айтты.

"Талдықорғанда Дариға Бадықова мен Олжас Абай келді. Күйеуім екеуміз киноларын қалдырмай көретінбіз. Дариға Бадықова кинодағы рөлі үшін ұнайтын. Қуанып, қасына арып суретке түсейікші деп сұрадым. Телефонымды түсіретін адамға енді ғана беріп жатқан едім. Сол жерде көңілім қалды. Әлгі кісі "камераң ашылмаған" деп, қолын бір сілтеп кетіп қалмасы бар ма?! Әлгі жерде састым. Өнерін бағалап жүрген адамым осы ма деп қалдым. Шыны керек, жылағым келді.

Менің көзімде бұл кісі шыңынан құлады. Прокаттан миллиард жинағанын естігенмін. Тойға күзетшілермен келгенін де көрдім. Бірақ бұл кісіні тәкаппарлық деген жаман сынды қасиетке қимап едім. Кино арқылы халыққа танылды. Осылай жүргені халықтың арқасы ғой. Бірақ 10 секунд уақыт бөле алмағаны қалай болды сонда? Ақшаның буы шығар. Қатты көңілім қалып отыр. Киносына бармаймын деп шештім. Менің бармағаным ештеңе шешпейтінін білемін. Бірақ көңілім қалды", - деп жазды Талдықорған тұрғыны.

Tik-Tok желісінен скриншот
Tik-Tok желісінен скриншот: imanbayeva_sabina_

KAZ.NUR.KZ тілшісі осы жағдайға қатысты Дариға Бадықовадан пікір алды.

"Маған бір кісі ренжіп жазып жіберіпті. "Бадықова менімен суретке түспеді, киносына бармаймын" деп айтыпты. Қазақта сөз бар "Битке өкпелеп, теріңді жақпа" деген. Мен оны сізді жек көргендіктен, әдейі жасаған жоқпын ғой. Бүкіл халықтың көңілінен шығу өте қиын. Сізді сол 5-6 ағайыныңыздың да көңілінен шықпауыңыз мүмкін ғой. Ағайынның арасында да сізді ұнатпауы мүмкін. Сол үшін мен ойбу" демеймін, көпшіліктің қайсыбіріне жүгіресің? Мен өзім міндетті түрде балалармен суретке түсемін, олардың көңілін қалдырғанды ұнатпаймын", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105217-suretke-tuspei-qoidy-dariga-badyqova-zhelide-ozin-synga-algan-korermenge-zhauap-berdi/