Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саған жарасады": америкалық рэпер Снуп Догг қазақтың шапанымен видео түсірді

Жарияланған күні:

Снуп Догг
Снуп Догг. Видеодан кадр: Instagram/snoopdogg/

Америкалық рэпер Снуп Догг Instagram желісіндегі парақшасында қазақтың шапанымен түскен видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақтың ұлттық шапаны мен қалпағын киген әртістің жазбасына киім авторы, отандық дизайнер Аида Кәуменова пікір қалдырды.

"Мен өте бақыттымын. Қазақтың ұлттық пальтосы", - деп жазды ол.

Аталған видеоға рэпердің қазақстандық жанкүйерлері де назар аударды.

"Қазақтың ұлттық киімі керемет көрінеді екен", "Снупи, қазақтың киімі саған жарасады", "Керемет"- деп жазды олар.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында Снуп Догг KeshYou тобымен дуэт жазғанын хабарлаған еді.

Ол арнайы Снуп Догг үшін киім тіккен Аида Кәуменоваға алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105226-sagan-zharasady-amerikalyq-reper-snup-dogg-qazaqtyng-shapanymen-video-tusirdi/