Мөлдір Әуелбекованың 20 жыл бұрынғы видеосы жұрттың жүрегін елжіретті
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова 20 жыл бұрынғы видеосын жариялады. Ол осы уақытқа дейін өзіне сенім білдірген тыңдарманға алғыс айтты.
Әуелбекова мұрағаттағы видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.
"2004 жыл, 18 жас! Үлкен сахнаға алғаш аяқ басқан сәтім. Шүкір! Сонау 20 жыл бұрын менің талантыма сеніп, қолдау білдіріп, биікке көтеріп жүрген халқыма рақмет! Алла тілеулеріңізді берсін!" - деп жазды әнші.
Мұны көрген көпшілік өткен шақты еске алып, өз пікірін қалдырды.
"1 жастағы сәби едім", "Қайран жастық", "Сүп-сүйкімді Мөлдір", "Сол кезден бастап танитынмын", "Ол кезде әдемі екенсіз", "Түк те қартаймапсыз", "Әлі сол дауыс", "Сол кездерді сағындық", - деп жазды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105289-moldir-auelbekovanyng-20-zhyl-buryngy-videosy-zhurttyng-zhuregin-elzhiretti/