Әнші Фарема Қазақпаева әдепсіз сөздер айтқаны үшін жеті тәулікке қамалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандық танымал әнші Фарема Қазақпаева әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған әншіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.
"Сот YouTube видео хостингінде К. әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде тараған", - делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растаған.
"Сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105340-anshi-farema-qazaqpaeva-adepsiz-sozder-aitqany-ushin-zheti-taulikke-qamaldy/