Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауруханаға түсіп қалған аяғы ауыр Мақпал Исабекова қазіргі жағдайын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: "МОМ’skий әңгіме" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде байланысқа шығып, оқырмандарына қазіргі жағдайын айтты. Екінші сәбиіне аяғы ауыр өнер иесінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өзі үшін алаңдағана көпшілікпен Instagram желісі арқылы тілдесті. Шоу-бизнес жұлдызы ауруханадан жаңа сурет жариялап, жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады.

"Бәрі жақсы, бүгін жағдайымыз жақсарып қалды. Жылы сөздер жазып, өз көмегін ұсынып, қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз", - деп жазды әнші.

Исабекованың құрбылары оның көңілін көтеру үшін ауруханаға түрлі тәттілер жіберіп жатыр.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Айта кетейік, 22 мамырда аяғы ауыр Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін хабарлап, көпшіліктен өзі үшін дұға етуін сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105502-auruhanaga-tusip-qalgan-aiagy-auyr-maqpal-isabekova-qazirgi-zhagdaiyn-aitty-foto/