Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойлану керек": бейтаныс ер адамның қолын суретке түсірген Әуелбекова елді қызықтырып қойды

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде белгісіз ер адамның қолын суретке түсіріп, жазбасымен елді ойландырып қойды. Қалың көпшілік әншінің жеке өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова көпшіліктің талқысына түскен фотосын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Онда әншінің қолы мен белгісіз ер адамның қолын көруге болады.

Оған қоса өнер иесі аталмыш суретте "Ойлану керек" деген жазба қалдырып, елді одан бетер қызықтырып қойды.

Желі қолданушылары Әуелбекованың қасындағы ер азаматтың кім екенін біле алмай әлек болды.

Мөлдір Әуелбекованың Stories-i
Мөлдір Әуелбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/moldir.auyelbekova

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова желіде 20 жыл бұрынғы видеосын жариялап, елді тәнті еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105505-oilanu-kerek-beitanys-er-adamnyng-qolyn-suretke-tusirgen-auelbekova-eldi-qyzyqtyryp-qoidy/