Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүкіл әлемді көрсетуге дайынмын": немересімен видео жариялаған Роза Рымбаева елді тәнті етті

Жарияланған күні:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева желіде немересімен түскен видеоны жариялап, елді сүйсінтті. Қалың көпшілік жұлдызды отбасыға тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева немересі Зейінмен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Онда әнші мен немересінің ұшақта отырғанын көруге болады.

"Мен саған бүкіл әлемді көрсетуге дайынмын", - деген жазба қалдырды жұлдызды әже.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының ерекше сәтіне тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.

"Немереңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз", "Зейін үлкен азамат болсын", "Осы немереңізден шөбере сүюді нәсіп етсін", "Қандай керемет сәт. Немереңіздің өмір жолы ашық болсын", "Елі мақтан тұтатын азамат болып өссін", "Көз тимесін. Немерелеріңіз көбейе берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105580-bukil-alemdi-korsetuge-daiynmyn-nemeresimen-video-zhariialagan-roza-rymbaeva-eldi-tanti-etti/