"Жүрегімді тыңдадым": Фариза Төреәлі неге ерте тұрмысқа шыққанын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Желі жұлдызы неге тұрмысқа ерте шыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза Төрелі жеке өмірі жайлы жан сырын "Мамский әңгіме" бағдарламасында ақтарды.
"Мектеп бітіре сала тұрмысқа шықтым. Америкаға оқуға кетемін деп жүргенде Дарханды кездестірдім. Бұл - тағдыр. Сол кезді еске алсам, тұман секілді. Алла тағала екі адамды өз қалауымен қосқан сияқты. Менің де қалауым бар. Бірақ жаратушының да жоспары бар. Дәл осы адамды жолықтырғаныма қуаныштымын. Себебі 18 жаста әлі оңды-солды білмейсің. Қателесу қаупі жоғары. Бірақ мен ғашық болдым, көрдім, ұнаттым. Көбісі ерте деді. Әкем мен ағам неке жасау керек деді. Барлығы ерте десе де, мен жүрегімді тыңдадым", - деді Фариза Төреәлі.
Сонымен қатар блогер ару жолдасы екеуінің таныстығы туралы да айтып өтті. Сөзінше, олар әлеуметтік желіде танысқан. Дархан Нортаев келіншегінің көңілін аудару үшін барын салған.
"Дос сияқты араласып жүрдік. Жарым болады деп ойламадым. Жеті айдан кейін ұсыныс жасады. Ол маған бірден мені жары ретінде көретінін айтты", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105625-zhuregimdi-tyngdadym-fariza-toreali-nege-erte-turmysqa-shyqqanyn-aitty/