Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіспеушілік болды": Фариза Төреәлі отбасылық өмірде қандай қиындыққа тап болғанын айтты

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/farizatoreali

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарып, алғаш отбасын құрғанда қандай қиындыққа тап болғанын айтты. Желі жұлдызы жолдасы екеуінің арасында келіспеушілік пен орынсыз қығаныш болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төрелі отбасылық өмірі жайлы бар шындықты "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтып берді. Ол бастапқыда жолдасы екеуі үшін қиын кезең болғанын жасырмады.

"Қарым-қатынас жағынан қиын болды. Екі әлем қосылды. Мен басқа жақта өстім, басқа тәрбие көрдім. Оның өз көзқарасы бар дегендей. Бізге уақыт керек екенін түсіндім. Бастапқыда келіспеушіліктер болды. Қиналдым, бірақ әрекетке көштім. Мен жеңіл өмір сүргенді жақсы көремін. Ұрыс-керіс, өкпе-ренішпен өмір сүре алмайтын адаммын. Амалын іздедім, іздендім, оқыдым. Ер адаммен қарым-қатынас туралы көп зерттедім. Арасында орынсыз қызғаныш болды. Ол ұрыстарға алып келетін. Дархан неізі өте жеңіл адам, ауырлататын менмін", - деп ағынан жарылды блогер ару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105667-kelispeushilik-boldy-fariza-toreali-otbasylyq-omirde-qandai-qiyndyqqa-tap-bolganyn-aitty/