Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерте кететініңді білмедім": Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырына жазба арнап, елді жылатты

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: "Төртеу түгел" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева 18 жыл бұрын өмірден өткен бауырына жантебірентерлік жазба арнап, оқырмандарын жылатты. Өнер иесі өміріндегі ерекше естеліктерді айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева марқұм бауырына арнап жазған хатын Instagram-дағы парақшасында жария етті.

"Сен бізге бір ауыз "қош демей” беймәлім әлемге кеткелі атпалдай 18 жыл өтіпті, Біржан, бүгін сол күндерді есіме алып, саған хат жазып отырмын, бауырым. Басымызда жай түскендей, сенер-сенбесімізді білмей, артыңда жоқтап қалған едік. Ауылдан өзім алып келгендіктен "үлкен қаланың заңы басқа, абай бол" деп ақылымды айтып, кейде ұрысатынмын. Жол апатына түсті дегенде "қазір жазылып шықсыншы, быт-шытын шығарамын" деп ойлағанмын. Бірақ, олай болмады. Сен қайтты дегенде, еңіреп тұрып жыладым. Сол кезде саған қатты ренжідім. Неге тыңдамады? Бізді сонша қинап қайғыға батырды деп ойладым.

Адамның өмірі бір -ақ сәтте өзгеретінін білмеппін. Сен кеткелі шүкір, басымыз бүтін, біреуден oзып біреуден қалып, өкінішпен үміттің жетегінде жүрміз сол. Жыл сайын сенің туған күніңде, дастархан жайып, жақынындарды жинап, құран оқытатын анаң да дін аман. Қартайды бірақ… Біржан, сен тым ақкөңіл едің! Бір күні сұрағандардың бәріне ақшасын тарата беретініңді естіп қалып, жалақы карточкаңды тартып алғаным есімде. Қатал болсам, кешір мені. Сенің сонша ерте кететіңді білмедім ғой", - деп жазды әнші.

Желідегілер әсерлі жазбадан кейін түрлі пікір жазып, өнер иесіне қолдау білдіруге тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105787-erte-ketetiningdi-bilmedim-meruert-tusipbaeva-marqum-bauyryna-zhazba-arnap-eldi-zhylatty/