Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйлене салып, ажырасып жатамыз": Жұлдыз Әбдікәрімованың желідегі жазбасы қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Қалың көпшілік өнер иесінің сөздерін қызу талқылап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялап, астына әсерлі жазба қалдырды. Бейнежазбада қысқа көйлек киіп алған актрисаның серуендеп жүргенін көре аламыз.

Өнер иесі жазбасында адамдардың үнемі асығып жүретінін сөз еткен.

"Асығамыз. Асықпайтын уақытта асығамыз, ақиқатты несіне жасырамыз. Жолға шықсақ – жетуге асығамыз, жете салып, кетуге асығамыз. Таңда – бала-бақшаға асығамыз, түсте – алар ақшаға асығамыз, Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз, біреу өлсе – жерлеуге асығамыз. Таныса сап, дайынбыз достасуға, амандассақ, қаяумыз қоштасуға. Үйлене сап, жатамыз ажырасып, асығамыз болуға тағы ғашық. Жағаласып, сандалып, сабылысып, жүгіреміз қашанда алып ұшып. Төзім құрып қалған ба, тағат тозып, әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып. Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз. Осы біздер қай жаққа асығамыз", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасын да, видеосын да қызу талқыға салды. Оқырмандардың бірі бұл жазбамен Әбдікәрімова нені меңзегенін біле алмай әлек болса, енді бірі оның образын сынап тастаған.

"Дұрыс болмады. Түк жараспайды, өте ұят", "80 жастың ортасына келіп, не өнеге көрсетіп жүрсін", "Жасы келген сайын қылықтары жағымсыз болып барады", "Өте әдемі. Төрт баласы бар келіншекке мүлдем ұқсамайды", "Сұлу әйел. Фигурасы талай қыз-келіншектерге арман", "Мына жүрісің ұят сияқты", "Мына жазбаңыз ауыр екен", "Кімге арнап жазылған екен", "Маңызды тақырыптарды көтеріпсіз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2106201-uilene-salyp-azhyrasyp-zhatamyz-zhuldyz-abdikarimovanyng-zhelidegi-zhazbasy-qyzu-talqyga-tusti/