Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған тартпаған": актриса Жәния Джуринская ұлы кімге ұқсайтынын айтты

Жарияланған күні:

Жәния Джуринская
Жәния Джуринская. Фото: "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасынан

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская желіде көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі ұлы кімге ұқсайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде ауруханада жатқан Жәния Джуринская Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, олардың қызықтырған сұраққа жауап берді.

Өнер иесі екінші перзентінің түрі кімге ұқсағанын айтты. Сөзінше, баласы өзіне мүлдем тартпаған.

"Жынысы басқа әрі түрі саған мүлдем ұқсамайтын адамды дүниеге әкелу қызық екен. Сіздерді бұл жайт таңғалдырмайды ма? Мен әлі күнге дейін таңғалып жүрмін. Қысқасы, ұлым айнамаған әкесі, менен түк жоқ. Тек ерні менің анамдікіне ұқсайды", - деп жазды Джуринская.

Жәния Джуринскаяның Stories-i
Жәния Джуринскаяның Stories-i. Скриншот: Instagram/djurinskaya

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2106240-magan-tartpagan-aktrisa-zhaniia-dzhurinskaia-uly-kimge-uqsaitynyn-aitty/