Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәлем, 30": Димаш Құдайберген туған күнінде Стамбұлдан видео жолдады

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі, аты әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген бүгін, 24 мамыр күні 30 жасқа толды. Әртіс туған күнінде Стамбұл қаласындағы жанкүйерлерімен кездеспек.

Осыған дейін Димаш мерейтойлық концерті қайда өтетінін көрсеткен еді.

"Сәлем, 30! Кешке Стамбұлда кездескенше!" - деп жазды ол Бешікташ стадионының сахнасында отырып.

Видеода әнші торттың үстінде жанып тұрған майшамды үрлеп, өзін туған күнімен құттықтайды. Сондай-ақ өз концертіне жанкүйерлерін шақырады.

Әншіні туған күнімен алғашқылардың бірі болып ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар құттықтады. Өнер иесіне деген ақ тілегін әлемнің әртүрлі елінде тұратын жанкүйерлер де білдірді. Олардың қатарына Арман Дәулетияров, Дана Нұржігіт, Олжас Құрманбек пен шоу-бизнестің басқа да өкілдері қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2106726-salem-30-dimash-qudaibergen-tugan-kuninde-stambuldagy-kontsertten-video-zholdady/