Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ninety One әншісі әке атанбақ (фото, видео)

Жарияланған күні:

Батырхан Мәліков пен Вероника Жангалова
Батырхан Мәліков пен Вероника Жангалова. Фото: Instagram/_zhangalova

Атышулы Ninety One тобының әншісі Батырхан Мәліковтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесі жақында әке атанбақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Батырхан Мәліков пен келіншегі Вероника Жангалова қуанышты жаңалықты Instagram желісінде жария етті. Ерлі-зайыпты ел назарына ерекше отбасылық видео мен фото ұсынған. Кадрларда әншінің келіншегінің аяғы ауыр екенін байқауға болады.

"Жарты жыл бойы өмірімдегі ең нәзік, ең әсем әрі ең бақытты кезеңді басымнан өткеріп жатырмын. Барлық құттықтауларыңызға рақмет", - деп жазды Вероника Жангалова.

Ерлі-зайыпты болашақ сәбиінің жынысын біліп алғанын айтты. Алайда олар бұл жаңалықты ата-анасына гендер-пати ұйымдастырғаннан кейін ғана жария етпек.

Желі қолданушылары жұлдызды жұп үшін қуанып, олардың отбасына жылы лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107221-ninety-one-anshisi-algash-ret-ake-atanbaq-foto-video/