Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туған бауырлар бір күнде үйленді": Анна Данченко Қызылордада ерекше тойдың куәсі болды (фото)

Жарияланған күні:

Анна Данченко мен Руслан Искаков тойда
Анна Данченко мен Руслан Искаков тойда. Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Қызылорда қаласында ерекше той басқарды. БАҚ өкілінің сөзінше, туған бауырлар бір күнде шаңырақ көтерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко Instagram-дағы парақшасында бір күнде отбасын құрған бауырлардың тойын жүргізу өзіне бұйырғанын айтты. Тележүргізуші дүбірлі тойдан сурет жариялап, көпшілікке бір күнде шаңырақ көтерген жас жұбайларды көрсетті.

"Қызылорданың тойы. Бір туған бауырлар бір күнде үйленіп, бір әулетке екі келін түсті. Той құтты болсын! Баршамызға жұғысты болсын", - деп жазды Данченко.

Айта кетейік, Анна Данченко аталмыш тойды белгілі отандық тамада Руслан Искаковпен бірге жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107266-tugan-bauyrlar-bir-kunde-uilendi-anna-danchenko-qyzylordada-erekshe-toi-basqardy-foto/