Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонақтарға пәтер мен көлік таратты": отандық кәсіпкер 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Белгілі кәсіпкер 50 жасын дүркіретіп атап өтті
Белгілі кәсіпкер 50 жасын дүркіретіп атап өтті. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Оңтүстік астанада отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Мақсат есімді кәсіпкердің 50 жас мерейтойы дүркіреп өтті. Думанды тойда қонақтар арасында Астанадан жаңа пәтер, электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен шетелге жолдамалар ойнатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі кәсіпкердің дүбірлі тойы Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Мерекелік шараға бірқатар өнер иесі қатысты. Жұлдызды қонақтар арасында Қайрат Нұртас, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, Айгүл Мүкей, Raim, Қалқаман Сарин, Заңғар Нұртас және т.б бар.

Кеш тізгіні танымал асаба Руслан Искаковта болды. Оған қоса думанды тойдың бір бөлігін Қалқаман Сарин мен Айгүл Мүкей жүргізген.

Айгүл Мүкейдің Stories-i
Айгүл Мүкейдің Stories-i. Скриншот: Instagram/aigulmukei

Эстрада өкілдері туған күн иесін құттықтап қана қоймай, той қонақтары үшін өнерін де паш етті.

Бизнесменнің мерейтойында белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетов бой көрсетті.

Мейрамбек Бесбаевтың Stories-i
Мейрамбек Бесбаевтың Stories-i. Скриншот: Instagram/m_besbaev

Той иесі қонақтарына арнайы лотерея ойнатып, бағалы сыйлықтар тарту еткен. Меймандар арасында Астанадан жаңа пәтер, электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен Дубай мен Италияға жолдама ойнатылды.

Заңғар Нұртас Samsung телефонын ұтып алса, әнші Мұқасан Шахзадаевтың отбасы бас жүлде пәтерге ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107329-bas-zhuldege-pater-men-kolik-belgili-kasipker-50-zhas-mereitoiyn-durkiretip-atap-otti-foto-video/