"Қарғайды": Жазира Байырбекова өзінен көмек сұрайтындарға шүйлікті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Жазира Байырбекова өзінен көмек сұрайтындарға шүйлікті. Ол ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Өнер иесі ешкімге жамандық тілемейтінін, ештеңеге таласпайтынын атап өтті.
"Ешкімге жамандық тілемеймін,ешкімнің ешнәрсесін тартып алған жоқпын, ешкімге зияным жоқ, ештеңеге таласым да жоқ адаммын ғой. Кейбіреулер не үшін мені жек көретінін түсінбеймін.
Көбіне көмек сұрайтындар ұрсып, қарғап, міндеттісің деп сұрайтын болып кеткен. Не болып барады адамдар...", - деді ол.
Мұны көрген көпшілік әншіні қолдай кетті.
"Адамға ештеңе жаұпайды ғой", "Жұрт айтып-айтып қояды ғой", "Жақсылар үшін әлем де әдемі", "Сізді жақсы көреміз", "Көре алмайтын адамдардың тірлігі ғой", - деп жазды жұрт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107422-qargaidy-zhazira-baiyrbekova-ozinen-komek-suraityndarga-shuilikti-video/