Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артымнан дұға жасайтын ұрпақ болмайды": Жахан Отарғалиев жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев отбасы мәселесін көтеріп, баланың барына қарамастан ажырасып жатқан жандарға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі өзінің ең асыл арманын айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев өміріндегі ауыр сынақ жайлы Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтты. Актер балалы бар жанұяларға қатты қызығатынын жасырмады.

Өнер иесі өзіне қойылған диагноздың салдарынан артынан дұға жасайтын ұрпақ болмайды деп қатты қорқатынын жеткізді.

"Баланы тастап кетіп жатқандарды түсінбеймін. Балалары бола екі жаққа кетіп жатқандарды түсінбеймін. Баланың кінәсі жоқ. Мен соған жете алмай жүрмін. Кейде барып, сондайларға "Тастамашы, маған берші" деп айтқым келеді. Мен үшін ол үлкен арман. Мен өзімді алдауға жақсымын. Жиендерім, кіндік балаларым да көп. Соларды құшақтап, ойнап, сыйлық сыйлап өзімді алдаймын. Бірақ ол менікі емес. Жахан Отарғалиевпен тоқтайды. Артымнан ұрпағымды жалғастыратын адам жоқ болып тұр. Менің өмірімдегі ең ауыр сынақтардың бірі осы болды. Мені баласы бар адам түсінбейді. Мен оны түсінбеймін. Артымнан дұға жасайтын ұрпақ болмайды деп қана қорқамын", - деді Отарғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107854-artymnan-duga-zhasaityn-urpaq-bolmaidy-zhahan-otargaliev-zhan-syryn-aqtardy/