Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырға салуға бара жатқанда қайтыс болды": Бейбіт Қорған бейнебаянына түскен қыз жайлы айтты

Жарияланған күні:

Бейбіт Қорған
Бейбіт Қорған. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Отандық танымал әнші Бейбіт Қорған "Неге олай?" әнінің бейнебаянына түскен аруға қатысты қайғылы жағдай туралы айтты. Өнер иесінің сөзінше, клипте басты рөлді сомдаған бойжеткен түсірілімнен кейін жол апатынан қайтыс болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Қорған марқұм ару түскен "Неге олай?" бейнебаянын оның рухына арнағанын алға тартты. Әншінің айтуынша, актриса сырға салуға бара жатқан кезде қайтыс болған.

"Сол әннің бейнебаянын Атырауда түсірейік деген ой келді. Клипке түскен актер мен актриса Атырау театрында жұмыс істейді екен. Екеуі бұрыннан жүріп жүрген қыз бен жігіт екен. Бейнеабаянның түсірілім біткен соң, бауырымыз қызын үйіне таныстырып, сырғасын салуға ниеттенеді. Тасжолда кетіп бара жатқан кезде жол апатына тап болып, қыз сол жерде жүріп кетеді. Содан кейін бұл клипті сол қыздың рухына арнадық", - деді өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107896-syrga-saluga-bara-zhatqanda-qaitys-boldy-beibit-qorgan-beinebaianyna-tusken-qyz-zhaily-aitty/