Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі балам аман болсын, қалғаны өткінші": Мақпал Исабекова желіде әсерлі жазба жариялады

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде әсерлі жазба жариялап, қиын кезеңде өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Аяғы ауыр Мақпал Исабекова ауруханадан шыққан бойда үйінің жөндеу жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Өнер иесі екінші перзентін дүниеге әкелгенше бұл істі соңына дейін жеткізуге ниетті екенін айтты.

Шоу-бизнес жұлдызы басына түскен түрлі сынақтардан кейін желіде өзіне көптеген адам қолдау білдіргенін жеткізді. Әнші Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен байланысқа шығып, алғысын айтты.

"Көп рақмет, қыздар. Алғысым шексіз. Бізде бәрі жақсы. Құдай қаласа бұдан да жақсы болады", - деп жазды Исабекова.

Оған қоса өнер иесі көпшілікке қазіргі жағдайын айтты.

"Қасымдағы балам аман болсын. Ішімдегі балам аман-есен дүниеге келсін. Өзім аман болайын. Қалғаны өткінші. Алла басқасын өзі реттейді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108010-eki-balam-aman-bolsyn-qalgany-otkinshi-maqpal-isabekova-zhelide-aserli-zhazba-zhariialady/