Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдыз қайда": Гүлзира Айдарбекованың отбасылық видеосы қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова екі келінімен
Гүлзира Айдарбекова екі келінімен. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ерекше отбасылық видео жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды. Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбада Жұлдыз Әбдікәрімованың жоқ екенін байқап, Қайрат Нұртастың анасын сұрақтың астына алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова жанұясымен түсірген тренд видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда алдымен продюсердің күйеуімен тойға жиналып бара жатқанын көруге болады. Одан кейін екі ұлы Аян мен Заңғар да өз келіншектерімен мерекелік шараға қарай шығады.

Бейнежазба соңында жұлдызды жанұя думанды кеште бидің түбін түсіреді.

"Біздің отбасылық вайб", - деген жазба қалдырды Айдарбекова.

Аталмыш видеода жұлдызды әулеттің тұңғышы Қайрат Нұртас та бой көрсетті. Алайда видеоға оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы қоспаған. Бұл жайтты байқаған желі қолданушылары продюсерге сұрақтарын жаудырды.

"Жұлдыз қайда?", "Үлкен келініңіз қайда сонда?", "Енді Жұлдыз болғанда бәрі керемет болар еді", "Татулассаңыздаршы. Қашанғы осылай жүресіздер?", "Жұлдызды 10 жыл торда ұстады. Сосын ол ұшып кетті", "Керемет көз тоярлық отбасы", "Жұлдыз ғана жетіспей тұр", "Бәрі Қайраттың арқасы", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108073-zhuldyz-qaida-gulzira-aidarbekovanyng-otbasylyq-videosy-qyzu-talqyga-tusti/