Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасарып қалдық": Дана Есеева 20 жылдан соң сыныптастарымен кездесті (видео)

Жарияланған күні:

Дана Есеева сыныптастарымен
Дана Есеева сыныптастарымен. Видеодан кадр: instagram.com/ dana_yesseyeva

Отандық блогер Дана Есеева 20 жылдан соң сыныптастарымен кездесті. Ол жүздесудің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Видео кадрларынан Дананың өзі оқыған мектепке барғанын аңғаруға болады.

Мектеп бітіргенімізге 20 жыл. 11 "А". Уақыт деген зымырап өтіп кетті. Негізі мен әртүрлі үш мектепте оқыдым, бірақ бітіргенім осы туған қаламдағы 9-мектебім. Біздің сынып жетекшісі Кәделі Қорғанбекқызы Астанадан Жезқазғанға келіп, мәз болып қалдық.

Керемет кездесу өтті. Енді 30-жылдықты күтпей, жиі жиналамыз деп сыныптастармен бір-бірімізге уәде бердік, бірақ ол анық емес.

Бір күннің ішінде 20 жасқа жасарып қалдық. Ұстаздарым, 11 "А" сыныбы, эмоция үшін көп рақмет",- деп жазды блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108097-zhasaryp-qaldyq-dana-eseeva-20-zhyldan-song-synyptastarymen-kezdesti-video/