Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Небәрі 45 жасында өмірден озды": Мөлдір Мұқанова анасына жантебірентерлік ән арнады (видео)

Жарияланған күні:

Мөлдір Мұқанова
Мөлдір Мұқанова. Видеодан кадр: instagram.com/ moldir.mt

Отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова анасына жантебірентерлік ән арнады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жүрекжарды сөзін де жазып қалдырды.

Анасын сағына еске алған Мөлдір Мұқанова әнші Кеңес Әлімжанның "Бозторғай" әнін орындады. Ол анасының ғұмыры қысқа болғанымен, алты баласының жүрегінде мәңгі өмір сұретінін айтты.

"Анамның күліп отырып жылап қоятыны, жылап отырып күле салатыны есімде. Түсінбей қарап отыратын едім жүзіне. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетеді екенсің ғой. Анам да өз анасын сағынған-ау деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді. Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой.

Біз де, бауырлар жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа толатын кездер көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз.

Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото-видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас (өксік-ред.ескертпесі) тығылып отыр. "Мама, мен сені жақсы көремін" деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағында отырып "Мама, мен сені жақсы көремін" деп анамның өзіне айтқым келеді. Анамды сағындым... ", - деді Мұқанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108196-tamagyma-zhas-tygylyp-otyr-moldir-muqanova-anasyna-zhantebirenterlik-an-arnady-video/