Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған көп ән айтқызбады": Ақтөбе әкімдігі әнші Sadraddin-нің сөзін жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Садриддин
Садриддин. Скриншот: Қызық Live бағдарламасы

Ақтөбе қаласы әкімдігі әнші Sadraddin-нің тыңдармандарына қалдырған пікірін "жалған жазба" деп айыптады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әнші Sadraddin Telegram-дағы арнасында жазба қалдырды. Тыңдармандары Ақтөбе қаласында өткен "Күшіміз бірлікте" атты концертте 2-3 қана ән айтты деп ренжіген болатын. Әнші ұйымдастырушылар көп ән айтқызбағанын жазды.

"Ақтөбе, сәлем! Бүгінгі қайырымдылық концертте ұйымдастырушылар көп ән айтқызбады маған", - деген жазбада ол.

Әншінің жазбасы
Әншінің жазбасы. Скриншот: Telegram/Sadraddin

Мән-жайды Ақтөбе қаласы әкімдігі айтып берді.

"Керісінше, бұл әншінің ән айтқаны бізге де, халыққа да жақсы. Ұйымдастырушылар келгенін, ән айтқанын қалады. Ол жерде техникалық ақау өздерінен болды. Ұйымдастырушыдан кінә жоқ. Сол әншінің продюсері ме, директрисасы ма, қасындағы қызметкерінің ноутбугіне бірдеңе болып қалып, әндерін қоса алмай қалды. Ақтөбеден бірде-бір адам оның ноутбугіне жоламады. Өздері әкелді, өздері қосты. Техникалық жағынан өздері реттей алмай жатқандықтан, халық Садраддинді күтіп қалмасын деп уақыт созып арасына қайта бір ән жібердік. Садраддин неге олай "ұйымдастырушылар айтқызбады" деп жалған жазып айтып отырғанын түсінбей отырмыз",- деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері

Ақтөбе қаласы әкімдігінің айтуынша, шараны қалалық мәдениет бөлімі ұйымдастырған. Эстрада жұздыздары шараға демеушілер есебінен шақырылған. Оларға қанша қаражат төленгенін немесе басқадай келісім болғанынан әкімдік "хабарсызбыз" деп ақталды. Демеушілер шараға жұмсалған қаражат сомасын айтудан бас тартқан.

"Халықтың көңіл күйін көтеру мақсатында ұйымдастырылған концерт. Қаражатын білмеймін. Айта алмаймын. Мен келіскен жоқпын. Бірнеше демеуші болды", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.

26 мамырда Ақтөбеде "Күшіміз бірлікте" фестивалі өтті. Қайырымдылық концертте Sadraddin, Мархаба Сәби, Мадина Сәдуақасова, Еркеш Хасен, Аллаберген Жақсыбаев, Әлішер Кәрімов секілді өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108205-magan-an-aitqyzbady-aqtobe-akimdigi-anshi-sadraddin-ning-sozin-zhoqqa-shygardy/