Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқайда шыққанын қаламаймын": Жахан Отарғалиев ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажырасуына қатысты бар шындықты айтты. Жұлдызды жұптың шын мәнісінде не себепті екіге кеткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Жахан Отарғалиев келіншегімен ұрыс-керіссіз ажырасқанын айтты. Сөзінше, олар араларында болған мәселені ұзақ талқылаған. Алайда шешімін таппаған соң, ажырасуды жөн көрген.

Өнер иесі ешкім мінсіз емес екенін алға тартып, екеуінің де қателіктері болғанын жеткізді.

"Отбасым жайлы ештеңе айтқым келмейді. Біздің бөлмеде болған дүние ешқайда шыққанын қаламаймын. Себебі біз қазір бір-біріміз үшін бөтен адамдармыз. Біз шынымен ажырасып кеткенбіз. Мен оның артынан әңгіме айтқаным жігіттікке келіспейді. Оған тәрбием де, мінезім де жібермейді. Ажырасу деген өте жаман нәрсе. Біз еш ұрыссыз ажырастық. Отырып талқыладық. Ұзақ сөйлесіп, әркім өз ұстанымын айтты. Соңында тоқтатайық деген шешімге келдік. Ол кетіп бара жатқанда "екі жақта бақытты болатын сияқтымыз" деді. Сол сөздің мағынасын енді түсініп жатырмын. Ешкім мінсіз емес. Екеуміздің де қателіктеріміз болды. Біз бір-бірімізді ұрыс-керіссіз жібердік", - деді Жахан Отрағалиев.

Сонымен қатар ол әйеліне қол көтергені жайлы қауесеттерді жоққа шығарды.

"Өмірімде әйел адамға қол көтеріп көрмеппін. Отбасымда да ондай дүние болған жоқ. Мен отағасы ретінде өз міндетімді атқардым. Ол да әйел ретінде өз міндетін атқарды. Бірақ келісе алмадық", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108259-eshqaida-shyqqanyn-qalamaimyn-zhahan-otargaliev-azhyrasuyna-ne-sebep-bolganyn-ashyp-aitty/