Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роза Рымбаеваның інісі": отандық "Астана" КВН командасы жайлы ел білмейтін ақпарат шықты

Жарияланған күні:

"Астана" КВН командасы
"Астана" КВН командасы. Фото: Instagram/ team_astana

Халықаралық КВН одағының чемпиондары, қазақстандық "Астана" командасы "Қызық Times" бағдарламасына қонаққа келді. Қазіргі таңда "Звезды" жобасына қатысып жатқан әзілкештер өзіне қатысты ел білмейтін ақпаратты айтты.

КВН ойындары бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпиондар сұқбат барысында отбасына қатысты құнды мәліметтерді жеткізді. Дәлірек айтсақ, команда мүшесі Олжас Рымбаев халық әртісі Роза Рымбаеваның інісі болып шықты.

"Роза Қуанышқызы – менің сүйікті тәтем. Ол кісі – менің әкемнің туған қарындасы. Әли мен Мәди – менің бауырларым", - деді ол.

Осы тұста команда капитаны Данияр Жұмәділов әкесі бірнеше музыкалық аспаптың құлағында ойнайтынын атап өтті.

"Менің жеті әпкем бар. Әкем ән айтады, ал анам өнерге жақын емес. Сол сегіз баланың ішінде мен ғана ән айтамын. Әкеме қатты ұқсағанмын", - деді Жұмәділов.

Ал командадағы жалғыз бойдақ Бауыржан Омаровтың ата-анасы театр сахнасының майталмандары екенін бірі білсе, бірі білмейді. Әзілкештің әкесі Қалыбек Қуанышбаев атындағы театрдың іргесін қалаған. Тіпті, Астанада Жақып Омаров атындағы көше бар.

"Әкем Жақып Омаров көптеген қалада режиссер болып жұмыс істеді. Ал анам – актриса", - деді Бауыржан Омаров.

Отбасы жайлы сұраққа Арнат Өтепбергенов ерекше жауап берді.

"Біз қарапайым отбасынан шыққанбыз. Ешқандай әртіс жоқ. Әкем Түркістандікі, анам Тараздан, ал өзім Қарағандыдан боламын. Қабілетім әкемнен келді деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, "Астана" КВН командасының мүшелері отандық бағдарламаға алғаш рет сұхбат беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108427-roza-rymbaevanyng-inisi-otandyq-astana-kvn-komandasy-zhaily-el-bilmeitin-aqparat-shyqty/