Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы өмірде жүргендей": Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсеновты еске алды (видео)

Жарияланған күні:

Арман Дүйсенов
Арман Дүйсенов. Фото: instagram.com/indiraelemes

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова белгілі композитор Арман Дүйсеновты еске алып, марқұммен түскен ерекше видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. жазады.

Мақпал Жүнісова өнердегі інісіне желіде әсерлі жазба арнап, жеке мұрағатынан видео жариялады. Бейнежазбада өнер иелерінің тойда ән айтып, би билеп жүргенін көруге болады.

"Арманжанның осы видеосын көрсем, Арман осы өмірде жүргендей болады. Жаны жайсаң баурым-ау,топырағың торқа болсын", - деп жазды Жүнісова Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары да марқұм композиторды еске алып, ол туралы түрлі пікір қалдырды.

"Жақсы азамат, әнші, композитор, тележүргүзүші еді. Жаны жәннатта болсын, иманы жолдас болсын", "Аузын ашса жүрегі көрінетін жан еді", "Сондай ақкөңіл әрі жанашыр кісі болған", "Қазақ өнеріне еңбегі сіңген азамат", "Тілін де, өнерін де, тәрбиесін де қатты құрметтеген азамат еді", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108487-osy-omirde-zhurgendei-maqpal-zhunisova-marqum-arman-duisenovty-eske-aldy-video/