Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Саған ұрысу керек екен, қызым": Ерке Есмахан ата-енесінен не үшін сөз естіген (видео)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан Алматыға келген ата-енесін күтіп алып, келіндік қызметіне кірісіп кетті. Алайда әнші оларды қалада қыдыртып жүргенде қайын атасынан сөз естіп қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында күйеуі Raim-ның ата-анасы келгенін хабарлап, оларды қалай күтіп алғанын көрсетті. Өнер иесі енесіне үлкен гүл шоғын тарту еткен.

Жұлдызды жанұя Алматыдағы танымал мейрамханалардың біріне барып, тамақтанған. Әнші ару ата-енесін қалада өзі қыдыртып жүргенін айтты.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Эстрада жұлдызы көлік жүргізіп келе жатқанда видео түсіріп, оны көпшілік назарына ұсынады.

"Мейрамханадан шықтық. Өзім көлік жүргізіп келе жатырмын. Папам мен мамамды үйге алып бара жатырмын. Кешкі салқынмен қайтып бара жатырмыз. Күйеуім өз көлігімен", - деді әнші.

Алайда Ерке Есмахан ойда жоқта атасынан сөз естіп қалады. Raim-ның әкесі оған көлікті қатты жүргізетінін айтты.

"Еркежан қызым, көлікті қатты жүргізеді екенсің. Мен Raim қатты жүргізеді деп, оған ұрысып жүрсем. Саған ұрысу керек екен, қызым", - деді қайын атасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108502-sagan-urysu-kerek-eken-qyzym-erke-esmahan-ata-enesinen-ne-ushin-soz-estigen-video/