Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 жыл күткен мәһр": Мадияр Серікбаев әйеліне тосынсый жасап, жаңа көлік сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Мадияр Серікбаев әйеліне көлік сыйлады
Мадияр Серікбаев әйеліне көлік сыйлады. Видеодан кадр: Instagram/dana_turarbek

"Өнер қырандары" театрының басшысы Мадияр Серікбаев келіншегі Дана Тұрарбекке тосынсый жасап, жаңа көлік сыйлады. Актердің келіншегі бұл сыйлықты 17 жыл бұрын мәһрге сұраған екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған Дана Тұрарбек бұл жаңалықты бірден оқырмандарына жеткізген. Актердің әйелі Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық видео жариялап, елді сүйсінтті.

Бейнежазбада Мадияр Серікбаев балаларымен бірге келіншегіне тосынсый жасап, жаңа көлік тарту еткен. Мұндай тосынсыйды күтпеген Дана Тұрарбек қуанышын жасыра алмай, жылап жіберді. Айтуынша, ол бұл сыйлықты 17 жыл күткен.

"17 жыл күткен мәһр. Асыл жарым тосынсый жасап көлік сыйлады. Алғашқы тұлпарыммен құттықтап қойсаңыздар болады", - деп жазды Дана Тұрарбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108598-17-zhyl-kutken-mahr-madiiar-serikbaev-aieline-tosynsyi-zhasap-zhanga-kolik-syilady-video/