Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркелеп": Ақбота-Нұрдың Қуандық Рахыммен түскен тағы бір видеосы назарға ілікті

Жарияланған күні:

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Қуандық Рахым
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет пен Қуандық Рахым. Видеодан кадр: Instagram/ akbotanurabaykyzy

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram желісіндегі парақшасында әріптестерімен бірге түскен видеосын жариялады. Көпшілік әншінің Қуандық Рахымның жанында тұрғанына бірден назар аударды.

Видеода Ақбота-Нұрдың өнердегі әріптестері Қуандық Рахыммен және Жолдасбек Әбдіхановпен бірге суретке түсіп жатқанын байқауға болады.

"Әріптестеріме еркелеп", - деп жазды Ақбота-Нұрдың өзі.

Ал видеоны көрген көпшіліктің назары бірден қос әншіге түсті.

"Екеуі қалай жарасады", "Ақбота сондай сұлу, осындай сұлуды бғалай алмаған күйеуіне таңғаламын", "Еркелеген жарасады, сүйкімді қызсың" , "Не деген сұлулық", "Осындай жігіт керек", "Бағалайтын адам қосылуына тілектеспін", "Қуандық пен Ақбота екеуі де мықты әншілер", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108631-erkelep-aqbota-nurdyng-quandyq-rahymmen-tusken-tagy-bir-videosy-nazarga-ilikti/