Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша үшін үйленді" деп сынады": Шоқан Маратұлы өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді

Жарияланған күні:

Шоқан Маратұлы әйелімен
Шоқан Маратұлы әйелімен. Фото: Instagram/shokan_maratuly

"All Davai" тобының әншісі әрі продюсері Шоқан Маратұлы жеке өмірі жайлы сыр шертіп, өзіне қатысты ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың қызына үйленгені үшін халықтың сынына ұшыраған болатын. Көпшілік Шоқан Маратұлын байлықты көздеп, "есеп бойынша отбасын құрды" деп сөккен еді.

Әнші үйлену тойынан бері айтылып келе жатқан қауесеттерге Instagram желісінде берген сұқбатында жауап берді.

"Ақша үшін, есеп бойынша үйленді деп көп айтты. Бұл сөздер маған мүлдем әсер етпейді. Себебі бұл сұрақтың жауабы маған мәлім. Бұндай сөздерді есту әрбір әйелге ауыр тиер еді. Сол себепті мен бірінші кезекте келіншегімді ойлаймын. Ол құдайға шүкір, өте ақылды әйел. Жағымсыз пікір жазушылар менің әйелімнің қандай адам екенін білмейді.

Олар Анельмен бес минут сөйлесіп көрсінші. Сол кезде оны жақсы көрмеу мүмкін емес екенін түсінеді. Халық менің таңдауым топ-модель болады деп күткен болар. Бірақ ол халықтың ойы. Менің таңдауым, талғамым тым бөлек. Біздің отбасы құрғанымызға жеті жыл болыпты. Біздің үш баламыз бар. Сол себепті ешқандай пікір мен дәлел керек емес деп ойлаймын", - деді Шоқан Маратұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108706-aqsha-ushin-uilendi-dep-synady-shoqan-maratuly-ozine-qatysty-qauesetterge-zhauap-berdi/