Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соның арқасында жетті": Мағжан Асаубай танымал тұлғаның ұлы болудың қиын тұстарын атады (видео)

Жарияланған күні:

Мағжан Тұрыс.
Мағжан Тұрыс. Фото: Instagram/ magzhanturys

Халыққа "Ұят болмасын" бағдарламасы арқылы танылған актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Асаубай танымал тұлғаның баласы болудың қиын тұстарын айтты. Ол өзі және шығармашылығы жайлы "1001 түн" бағдарламасында баяндап берді.

Сұқбат барысында Мағжан Асаубай жетістікке жетсе де, шалыс басса да, сөз әкесіне келіп тиетінін жеткізді.

"Жалпы атақты адамның баласы болу қиын. Өйткені ауыздығымен алысқан асаудай сияқтысың. Бір нәрсеге өз күшіңмен жетіп жатсаң, "әне, әкесінің атақ-абыройына мастанып, сол кісінің арқасында жетті" дейді. Ал кейде шалыс басып, сәл сүрінсең, тағы да "Бекжан Тұрыстың баласы Мағжан әкесінің атақ-абыройына мастанып, осылай жүр" дейді. Өзім әзірге жақсы тұстарын ғана естимін.

Осы тұста Мағжан әкесі Бекжан Тұрыстың "Ұят болмасыннан" кейін халыққа ақсақал болып танылғанын атап өтті.

"Ұлттың руханы құндылығын айтатын ақсақал болған соң әкем "түзу жүр" дейді. Ал мен әкеме "ол үшін өзіңіз де түзу жүріңіз, мен сіздің жолыңызбен келе жатырмын" деймін. Қазақта "жүз сөзден гөрі бір өнеге артық" дейді ғой", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108862-sonyng-arqasynda-zhetti-magzhan-turys-tanymal-tulganyng-uly-boludyng-qiyn-tustaryn-atady-video/