Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар қазір қайда": Шоқан Маратұлы "All Davai" әншілерімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Данияр Өзбеков пен Шоқан Маратұлы
Данияр Өзбеков пен Шоқан Маратұлы. Фото: Instagram/zvezdopad_kz

Қалың көпшілікке "All Davai" тобы арқылы танылған Шоқан Маратұлы аталмыш топта өзімен бірге өнер көрсеткен әріптестерімен арақатынасы қандай екенін ашып айтты. Өнер иесі бүгінде олардың көбісімен байланысын үзгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоқан Маратұлы "All Davai" тобында өзімен бірге ән айтқан азаматтардың кейбірі тіпті қайда жүргенінен де бейхабар екенін жеткізді.

"Нәтижеге қарайықшы. Мен не айтсам да, ол жігіттер қазір қайда? Менің қасымда болмаса да, қайда жүр екен? Егер олар өздерін шыңға шығарған қағидаларды, яғни еңбекқорлық, тәртіп, адалдық, дамуға тырысуды ұстанса, қазір де ортада жүрер еді. Шынымды айтсам, бүгінде ол жігіттердің қайда екенін білмеймін", - деді әнші.

Сонымен қатар Шоқан Маратұлы ұзақ жыл бойы өзімен өнер көрсеткен Данияр Өзбековпен де араласпайтынын айтты.

"Біз мүлдем араласпаймыз десем де болады. Эдик кейде хабарласып тұрады. Онымен байланыс бар. Ал Даниярмен араласпай кеттік. Пандемия кезінде ол желіде мені сынап, жазба қалдырды. Екеуміз сонша жыл бірге өнер көрсетіп, бір нанды бөліп жеген адамбыз. Желіде бәрін жазғанша, жеке менімен сөйлесуі керек еді. Бұл жағдайға қатты таңғалдым. Ол кезде бірге жұмыс істеуді тоқтатқан едік. Біз жақсы қарым-қатынасты сақтап, қош айтысқан сияқты болғанбыз", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108895-olar-qazir-qaida-shoqan-maratuly-all-davai-anshilerimen-araqatynasy-turaly-bar-shyndyqty-aitty/