Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 млн теңгеден асады": Отандық шебер Мейрамбек Бесбаевтың домбырасы қанша тұратынын айтты

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: Instagram/ m_besbaev

Отандық кәсіпкер, домбыраны насихаттаушы Ерасыл Ринатұлы "Оян" бағдарламасында домбыра жасаудың қыр-сырын баяндады. Ол ұлттық аспапты дайындау үшін Африкадан ағаш алдыратынын да атап өтті.

Сұқбат барысында шебер өзі жасаған домбыра 550 мың теңге тұратынын айтты. Ол кездестірген ең қымбат домбыраның иесі Мейрамбек Бесбаев болып шықты.

"Мейрамбек ағаларымыздың ойнап жүрген домбырасының бағасы 1 миллионнан (теңге-ред. ескертпесі) асып түседі. Ал өзім сатқан домбыраның ең қымбаты 650 мың теңге. Мен білетін, бағасы жоғары тұратын домбыра сол кісіде болуы керек", - деді ол.

Ерасыл Ринатұлы жүргізушінің "Мейрамбек Бесбаев сізден сатып алды ма?" деген сұрағына "Жоқ" деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2108928-1-mln-tenggeden-asady-otandyq-sheber-meirambek-besbaevtyng-dombyrasy-qansha-turatynyn-aitty/