Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 млн теңге қарызым бір күнде жабылды": Жахан Отарғалиев қарызға батқан сәтін есіне алды

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев кино түсіремін деп қаржылай қатты қиналғанын жасырмады. Өнер иесі тіпті біраз уақытқа дейін 100 млн теңге қарызын қайтарамай жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев қарызға батқан сәті туралы Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтып берді. Сөзінше, оған күтпеген жерден көмек келген. Жомарт жан актердің 100 млн теңге қарызын бір күнде жауып берген.

"Былтыр денсаулығым болмай, Қытайда емделіп жатсам, мына жақтан қарызын сұрап бауырларым хабарласа берді. Өзім төсектен тұра алмай жатырмын. Ораза айы басталғанда үздіксіз дұға жасай бердім. Соның арқасында 100 миллион теңге қарызым бір күнде жабылды. Бір күні мешітте танысымды жолықтырып қалдым. Түркияда жүр едім. Екі қазақ түріктердің арасында жолығып қалып, аман-саулық сұрастық. Менің өнерімді, түсіріп жатқан киноларымды бағалайтын. Атын айтпай-ақ қояйын.

Сол кісі "Осы сенің 100 миллион теңге қарызың бар еді ғой, қалай жаптың" деп сұрады. Қарызымды қайтара алмай жүргенімді, олардың ауруханада жатқанда да сұрай беретінін жасырмай айтып едім. "Сол қарызыңды мен жауып берейін" деді. Екеуміз жан достар да емеспіз. Ата-ана, отбасыларымызды танымаймыз. Бірақ ол маған көмектесіп тұр. Солай ғажайып оқиғаның арқасында қарызым жабылды", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109204-100-mln-tengge-qaryzym-bir-kunde-zhabyldy-zhahan-otargaliev-qaryzga-batqan-satin-esine-aldy/