Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінсіз болуға міндетті емес": Ерке Есмахан ене мен келін мәселесіне қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде ене мен келін тақырыбын қозғап, оған қатысты ойын ашып айтты. Әнші ару қыз-келіншектерге енелерінің кей тұстарын қабылдауға тырысу керек екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында қоғамда қызу талқыланып жатқан ене мен келін тақыбырын көтеріп, келелі кеңесін берді.

Өнер иесі енелерге "келін маған міндетті" деген ойды алып тастау керек екенін айтты.

"Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббат пен көңіл бөлсек, айнала да соны қайталайды. Айнала - айна. Енелер, өтініш, "келіндер маған міндетті" деген ойды қояйық. Келіндеріңізге өзін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты болады", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Ерке Есмахан келіндерге де үндеу жасады.

"Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата-енелердің түсінігі басқаша. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық", - деп жазды ол.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109264-minsiz-boluga-mindetti-emes-erke-esmahan-ene-men-kelin-maselesine-qatysty-oiyn-aitty/