Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араласпай кеткенімізді бәрі біледі": Бадықова мен Мыңғатованың видеосы қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова мен Нұргүл Мыңғатова
Дариға Бадықова мен Нұргүл Мыңғатова. Видеодан кадр: Instagram/dariga_badykova

Желіде отандық танымал актрисалар Дариға Бадықова мен Нұргүл Мыңғатованың видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иелері не себепті араласпай кеткені жайлы айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш бейнежазбаны Дариға Бадықова Instagram-дағы ресми парақшасында жариялаған. Онда қос актрисаның әңгімелесіп, өзара бір мәселені қызу талқылап келе жатқанын көруге болады.

Бадықова "Келінжан" сериалы бойынша "абысыны" атанып кеткен Нұргүл Мыңғатоваға тырнақалды туындысы" Таптым-ау сені" фильміне келмегені үшін ренішін айтты.

"Ешкімге білдірмей қалай жүресің? Менің кинома келмей, екеуміздің араласпай кеткенімізді елдің бәрі біледі. Ойлашы, мен саған қолдау көрсеттім. Екі-үш кинода басты рөлде болдың. Сен түскен киноға бардым, қолдадым. Сен болсаң, мені белгілемедің деп ренжіп тұрсың. Бірінші фильміме келмедің, енді екіншісіне кел", - деді актриса.

Нұргүл Мыңғатова да өнердегі әріптесіне өкпесі барын жасырмады.

"Келмегенімнің өз себебім бар. Сен кинома келсең де, менің желіде белгілемедің. Амандаспай өтіп кеттің. Бірақ негізі сен үшін қуаныштымын. Сен байысаң біздің отбасы үшін (ред. сериалдағы отбасы) жақсы ғой. Абысынтай өсе бер. "Таптым-ау сені" фильміне келмедім. Ол кезде өзімді таппай жүргем. Кинодан кино түсіре бер. Бірақ бізді тастап кетіп жүрме. Ешкімге білдіртпей, күліп, билеп жүре берейікші. Елден ұят болды. Бір-бірін көре алмай жатыр деп айтады", - деді Мыңғатова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109330-aralaspai-ketkenimizdi-bari-biledi-badyqova-men-mynggatovanyng-videosy-qyzu-talqyga-tusti/