Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Інілерім екен": Роза Әлқожа "Миллиондағы" Қанаттың қарындасын ұзатты (видео)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа мен Қанат Тасхан
Роза Әлқожа мен Қанат Тасхан. Видеодан кадр: Instagram/ roza_alqozha

Отандық әнші Роза Әлқожа "Миллион" КВН командасындағы Қанат Тасханның қарындасын ұзатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы отандық эстрада жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Роза Әлқожа жайдарманшы жігіттермен қалай танысқанын да айтып берді.

"Жездуха" дегенді ең алғаш көмекшімнен естідім. Көңілім көтеріліп, мәз-мейрам қалыпқа түсетіндіктен әр сериясын күтіп жүретін болдық. Одан киносы шықты, оған бардық. Сөйтіп жүргенде "Жақсы адамдарым" бағдарламасында таныстық та. Сөйтсем, Қожатоғайдан шыққан өзімнің інілерім екен.

Өткенде Қанат қарындасымды ұзатып беріңізші деп шақырған. Қалай бармайсың?! Айтайын дегенім – бата бергенде егілген атамен қосылып, Қанаттың қимай қоштасқанына қосылып әбден көңілім босады", -деді ол.

Ал желі оқырмандары Қанат Тасханның қарындасына бақыт тілеп, ақ тілегін арнады,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109411-inilerim-eken-roza-alqozha-milliondagy-qanattyng-qaryndasyn-uzatty-video/