Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәңгі сүйіп өтемін": Анастасия Заворотнюктің қызы анасының қазасына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Анна мен Анастасия Заворотнюк
Анна мен Анастасия Заворотнюк. Фото: Instagram/anna_zavorotnyuk

Ресейлік танымал актриса Анастасия Заворотнюктің қызы Анна Заворотнюк алғаш рет жұлдызды анасының өліміне қатысты пікір білдірді. Өнер иесінің перзенті желіде әсерлі жазба жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

28 жастағы Анна Заворотнюк Instagram-дағы парақшасында анасы жайлы естелігін айтып, қаралы хабарды қалай естігенін жеткізді.

"Кеше кешке ұялы телефоным мына күнді еске түсірді. Бұл күні 8 жыл бұрын анам екеуміз нөсер жауынның астында қалып, ағаштың астында тығылып қалған едік. Сол кезде Валяға хабарласып, бізді алып кетуін айтқанбыз. Ал кеше түнде бізге қоңырау шалып, сенің өмірден өткенін хабарлады.

Анашым сен бұл өмірде мен үшін ең қымбат жансың. Сенің қызың болғанымды мақтан тұтамын. Мен сені мәңгі сүйіп өтемін. Осы жаңбырлы күндегідей бақытты, сүйікті әрі қайталанбас тұлға ретінде сені мәңгі есімде сақтап қаламын. Менің жаным әркез сенің жаныңда", - деп жазды актрисаның қызы.

Анна Заворотнюктің Strories-i
Анна Заворотнюктің Strories-i. Скриншот: Instagram/anna_zavorotnyuk

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109420-manggi-suiip-otemin-anastasiia-zavorotniukting-qyzy-anasynyng-qazasyna-qatysty-pikir-bildirdi/