Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке өмірім базар болып кетті": некесі сәтсіз аяқталған Жарқынай Ханайым жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым жеке өмірі туралы жан сырын ақтарып, бүгінде бұрынғы күйеуімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Өнер иесі жеке өмірі ел арасында тым көп талқыланып кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым Жанерке Сейфуллинаға ашыла сұқбат беріп, бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты.

Өнер иесі бүгінде халыққа өнерінен бұрын жеке өмірі қызығырақ болып кеткеніне күйінді.

"Қазір Айдар екеуміз Айлананы жақсы көретін әке-шешеміз, біз жақсы доспыз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз. Бір-бірімізге қатты әрі ауыр сөйлеп қоятын сәттерден де өттік. Қазір қызымыздың қасында өте жұмсақ сөйлей алатын мықты қарым-қатынасқа келдік. Екеуміз қызымызға бір-бірімізді мақтай алатын болдық.

Менің жеке өмірім мен қаламаған түрде базар болып кетті. Тым ашылып, тым талқыланып кетті. Қазір маған ол ұнамайды. Қазір желіге де көп нәрсе салғым келмейді. Айдар екеуміз екі бөлек тұлғамыз. Шығармашылығымыз, жұмысымыз бар. Айдар менсіз, мен Айдарсыз-ақ жарқырап, жұлдыз болып жүрміз. Бірақ өкінішіке орай, екеуміздің атымыз жиі бірге аталып жатады. Бұл жайт екеумізге де ұнамайды", - деа ағынан жарылды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109528-zheke-omirim-bazar-bolyp-ketti-nekesi-satsiz-aiaqtalgan-zharqynai-hanaiym-zhan-syryn-aqtardy/