Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем "қой бағасың" деді": Сейфуллин Жолбарыс өнер жолына қалай келгенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші, композитор Сейыуллин Жолбарыс бала кезден өнер жолына жақын болғанын айтты. Ол шығармашылық жолына қатысты "Оян" бағдарламасында баяндады.

Сейфуллин Жолбарыстың сөзінше, алғаш үйренген аспабы– домбыра.

"4-сыныптан бастап домбыраға қатысамын. Содан кейін 5-сыныпта қайта-қайта барып, ансамбль ойнап жатқан есікті ашады екенмін. Сонымен гитараға ауыстым. Одан кейін өзімнің мектеп ансамблім болды. Өзім соның жетекшісі болдым. 6-7 сыныптан бастап музыкант боламын деп, сол жолды таңдадым", -деді ол.

Сазгер музыкаға бет бұрғанда әкесі қатаң ескерту жасағанын да атап өтті.

"Музыкалық колледжге, біздің кезіміздегі училищеге түсетін кезде әкем "Мен апармаймын, бірақ оқуға түспесең, қой бағасың" деді. Қорқыныш ұрып тұрды, бастысы, қой бақпау керек. Солай музыкалық училищеге түстім. Қалған тәжірибенің бәрі сол жақтан келді", - деді Сейфуллин Жолбарыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109546-qoi-bagasyng-seifullin-zholbarys-oner-zholyna-qalai-kelgenin-aitty-video/