Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майкл Джексонның алғашқы продюсері келді": Нұржан Қалжанның өзегін өртейтін өкініші қандай (видео)

Жарияланған күні:

Нұржан Қалжан
Нұржан Қалжан. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Соңғы уақытта сахнадан көрінбей кеткен әнші Нұржан Қалжан шығармашылық жолына қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі "Хабарlike" бағдарламасына берген сұқбатында біршама жыл бұрын америкалық продюсерлер жұмысқа шақырғанын айтты.

Нұржан Қалжан шығармашылық ұсыныстан бас тартқанына әлі күнге дейін өкінетінін жасырмады.

"Америкадан Майкл Джексонның алғашқы продюсерлері келіп, мені шақырды. "Екі жыл тіл үйренесің, содан соң әндер жазып бастаймыз. 1-2 әнің хит болса, әлемдік жұлдызға айналасың, жүр" деді. Ол кезде ағылшынша да, орысша да сөйлей алмаймын, қалай ән жазамын деген оймен жылы жауып қойдым.

Екі жылдан кейін маған қайта хабарласты. "Ертең біз Қазақстанға ұшамыз, сені алып кетеміз" деді. Ол кезде ауылдың баласымыз, сыртқа шықпағанбыз, көрмегенбіз. Қорықтым. Қазір қатты өкінемін. "Не болса да кетуім керек еді, баруым керек еді" деп өзегімді өртейтін өкініш бар", - деді Нұржан Қалжан.

Өнер иесінің сөзінше, бұл оған шетелден келген жалғыз ұсыныс емес.

"Одан Лондонға шақырды. Ол кезде "Бұлбұл құс" әнім хит болып танылып тұрған. Сонда ағылшын аралас қазақтар келіп, "Осы ән Англияда жақсы тарап жатыр, енді ағылшын тілінде жазып, әлемге таратсақ, миллионер боласың" деді. Ағылшынша сөзін алып келген, алдыма тастады. Ол кезде де өмірдің қиылысы болып, жол апаты болып (...) кетті", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109609-maikl-dzheksonnyng-algashqy-prodiuseri-keldi-nurzhan-qalzhannyng-ozegin-orteitin-okinishi-qandai-video/