Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы адам еді": Бүркіт Анастасия Заворотнюктің жақындарына көңіл айтты (фото)

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Анастасия Заворотнюк
Бүркіт пен Анастасия Заворотнюк. Фото: Instagram/ berkut_aibekjan

Көпшілікке Бүркіт атымен танымал әнші Айбек Жансейітов актриса Анастасия Заворотнюктің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында марқұмның жақсы адам болғанын да атап өтті.

Бүркіт парақшасында Анастасиямен түскен суретін де жариялады.

"Заворотнюк. Анастасияның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Ашық әрі жақсы адам еді", - деп жазды ол.

Айта кетейік, ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 53 жасында ұзаққа созылған дерттен қайтыс болды. Өнер иесінің өмірден озғаны туралы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

"Құрметті достар! Бұл жағдайды қабылдау және мұндайда бірдеңе айту қиын. Біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін бүгін түнде өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеп, оған денсаулық сұрап, сенген әрбіріңізге алғыс айтамыз.

Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады. Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109633-zhaqsy-adam-edi-burkit-anastasiia-zavorotniukting-zhaqyndaryna-kongil-aitty-foto/