Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген адалдық": Әбдіжаппар Әлқожаның достары оның туған күніне көлік сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа. Видеодан кадр: Instagram/ roza_alqozha

Күні кеше отандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа туған күнін дүркіретіп атап өтті. Ал әншінің достары оның жекеменшік мерекесіне аңшылыққа мінетін көлік сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожаның туған күніндегі сыйлық жайлы алғашқылардың бірі болып әпкесі Роза Әлқожа жазды. Ол Instagram желісіндегі парақшасында інісін туған күнімен құттықтады.

"Туған күніңмен, жаным! Сен бар адамға қажылыққа жолдама, көлік, телефон сияқты үлкен заттар сыйлайсың туған күнінде. Саған не сыйларымызды білмей сасқалақтап жүрсек, достарың ұйымдасып, аяқ астынан туған күнге шақырды.

Одан бәрі жиналып, аңға мінетін көлік сыйлап жатыр. Не деген адалдық?! Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын! Жасың құтты жас болсын! Алла ғасыр жасауға нәсіп етсін! Мақтанатын, марқаятын сәтіңде осы достарың бірге бөлісе берсін, алыстамасын! Ғаламның бар ғажабын тілеймін!" - деді Роза Әлқожа.

Эстрада жұлдызы көлік те, адам да тозатынын, тек көңіл қартаймайтынын атап өтті. Ал көпшілік өнер иелерінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109810-abdizhappar-alqozhanyng-dostary-onyng-tugan-kunine-su-zhanga-kolik-syilady-video/