Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 сахнасы 600 мың доллар": Қайрат Әділгерей жаңа фильміне Джеки Чанды шақырмақ болған (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Әділгерей түсірілім алаңында
Қайрат Әділгерей түсірілім алаңында. Видеодан кадр: Instagram/kairat_adilgerey

Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерей Youtube желісіндегі "The DS' Show" бағдарламасында жаңа фильмінің түсіріліміне қатысты тың деректер айтты. Актер сұқбат барысында "Хотя бы кинода-3" кинотуындысының түсіріліміне қытайлық актер Джеки Чан шақырылғанын атап өтті.

Әзілкештің айтуынша, Джеки Чанның түсірілімге қатысуға мүлде уақыты болмаған.

"Осы жоба басталмас бұрын Нұргұлдің (Нұргүл Даубаева – ред. ескертпесі) таныстары арқылы Қытаймен байланысқа шығып, Джеки Чанды шақыруға оқталдық. Бір сахнаға 600 мың доллар сұрады. Өкінішке қарай, ол кісінің кестесі 1 жыл алға жазылып қойған екен.", - деді Қайрат Әділгерей.

Жалпы қытайлық актердің қазақтарға деген ықыласы ерекше болып шықты.

"Джеки Чан мырза Қазақстанды қатты сыйлайды екен. "Әсіресе, Димаштан кейін Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым, халқы қонақжай. Өкінішке қарай, кестем сәйкес келмейді. Бірақ қыркүйек айының 15-не қарай түсіп бере аламын" деді. Ал біз түсірілімді күзге қалдыра алмадық", - деді әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2109822-1-sahnasy-600-myng-dollar-qairat-adilgerei-zhanga-filmine-dzheki-chandy-shaqyrmaq-bolgan-video/